Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жылыту маусымы: ШҚО құтқарушылары 82 мың үйді аралап шықты

20 Октября 2021 20:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жылыту маусымының басталуына орай жер үй тұрғындарына түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар өңір жұртшылығына пешті жылыту маусымына дайындауға көмектесуде. Тарбағатай ауданында 50-ге жуық үй иесіне пешті ретке келтіріп, дайындауға көмек көрсетілген. Департамент қызметкерлері пештегі жарықтарды бітеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Құтқарушылар облыс бойынша 82 мыңнан астам үйді аралап шықты. Әр үй иесіне пешті қауіпсіз пайдалану ережелері жазылған жадынамалар таратылды. Өткен жылыту маусымында құтқарушылардың ескертуін елемеген 76 адам зардап шеккен. Жақын арада жалғыз басты қарттар, мүгедектер мен көпбалалы отбасылар тұратын үйлерге улы газды анықтайтын құрылғы орнату жұмыстары басталады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Шығыс Қазақстанда иіс тиген 4 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.


Наверх