Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі алдында есеп берді

21 Сентября 2021 20:26

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

Жыл соңына дейін 14 жаңа өндіріс іске қосылып, екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады дер жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысы өсуінің арқасында кезекте тұрғандар қатарынан үш мыңға жуық отбасы пәтермен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңестің онлайн-отырысында жұмыс нәтижелері мен жүктелген міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

«Жалпы, өңір экономикасында оң динамика қамтамасыз етілді. 8 айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық – 8,9%-ға; пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі – 19,9%-ға; ауыл шаруашылығы – 3,6%-ға сенімді өсім көрсетті. Өнеркәсіптегі өсім 0,3%-ды, құрылыста – 2%-ды құрады. Инвестициялар көлемі 470 млрд теңгеге дейін немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 105,4%-ға дейін өсті, бұл ретте 89,5% – жеке инвестициялар. Жыл соңына дейін 230 млрд. теңгеден астам сомаға 14 жаңа өндіріс іске қосылып, екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады», – деп атап өтті облыс әкімі.




Облыста пандемия салдарынан бизнес біртіндеп қалпына келтірілуде. Бұған мемлекеттік қолдау көмектеседі. «Бизнестің жол картасы – 2025» бойынша қаржыландыру 3,2 есеге, «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 2 есеге ұлғайды.

Құрылыс көлемі «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Ауыл – Ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру есебінен өсуде. Биылғы жылы «Нұрлы жер бағдарламасы бойынша кемінде 662 мың шаршы метр тұрғын үй енгізу жоспарлануда.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Биыл республикалық және жергілікті маңызы бар 1500 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделді. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы үлкен демеу болды, бағдарламаның арқасында 25 ауыл мен кенттегі жолдар ретке келтірілді.




Әлеуметтік сала да дамып келеді. Үш ауысымды және апатты мектептердің орнына Қарағанды мен Жезқазғанда, Жаңаарқа мен Шет аудандарында төрт мектеп салынуда. Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бойынша 13 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Жақын арада Шахтинск, Ботақара, Қарсақпай және Жезді, Жаңаарқа және Нұра елді мекендерінде алты жаңа спорт кешені ашылады. Сондай-ақ, жаңа спорт алаңдары, көпфункционалды хоккей корттары салынуда – барлығы 77 нысан. Бұқаралық спортты дамыту үшін үш мыңға жуық адамды қамтитын қосымша 94 секция пайда болды.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды, олардың жартысы тұрақты. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен барлығы 75 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

«Өте мазмұнды есеп. Өңірлік дамудың барлық бағыттары бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Мысалы, инвестициялардың өсуі қуантады – пандемия жағдайында шетелдік капиталды тарту оңай емес. Шағын және орта бизнесті қолдау нәтижелерін, қазақстандық қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыстың тиімділігін атап өткен жөн. Ірі жүйеқұраушы компаниялардың тапсырыстарымен облыстың 60 кәсіпорны қамтамасыз етілді. Біз қалалар мен аудандардың тұрғындары қойып отырған өзекті мәселелер шешіліп жатқанын көріп отырмыз», – деп түсіндірді Қоғамдық кеңестің төрағасы Ерқара Аймағамбетов.


Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Экономика, Қарағанды облысы,
Наверх