Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапонияда ер адам интернет-кафе қызметкерін кепілге алды

18 Июня 2021 02:27

ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат - Белгісіз ер адам бейсенбіде Жапонияның Токио маңындағы Сайтама қаласындағы интернет-кафенің қызметкерін кепілге алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапондық интернет-кафелер жеке кабиналармен жабдықталған. Осы стендтердің бірінде ер адам кафе қызметкерін шақырған, содан кейін оны кепілге алғандығы атап өтілген. Әзірге оның қандай талап қойғаны туралы айтылмай отыр.

Жапондық Fuji TV телеарнасының хабарлауынша, ер адамның қаруы бар-жоғы белгісіз, бірақ кепілге алынған қызметкер зардап шекпеген.

Полиция онымен келіссөздерді жалғастыруда. Оқиға орнына тәртіп сақшылары мен құтқару қызметтері тартылып, аумақ қоршауға алынды.


Ключевые слова: Оқиға, Әлем,
Наверх