Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапонияда COVID-19 жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

28 Июля 2021 10:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияда COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Індетке шалдыққан науқастардың күнделікті өсуі 7000 адамнан асты. Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар «дельта» штамы коронавирус эпидахуалын күрт күрделендіріп жіберуі мүмкін және инфекцияның өршу шыңы тамыз айының басында болады деп ескертті.

Сонымен қатар Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті инфекция жұқтырудың тағы жеті жағдайының тіркелгендігі туралы хабарлады, оның ішінде екі спортшы бар, қатысушылар арасында вирус жұқтырғандардың жалпы саны 155 адамды құрайды.


Ключевые слова: Әлем, Коронавирус,
Наверх