Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

2 Декабря 2021 22:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рукада (Финляндия) фристайл-акробатикадан өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу кезеңінде 85,99 балл жинаған Жанбота финалға төртінші орынмен жолдама алды.

Финалда Ж.Алдабергенова сәтті өнер көрсете білді.

Әлем кубогы кезеңінде қытайлық Кун Фаньюй оқ бойы озып шығып, жеңімпаз атанды.

Жанбота 80.04 балмен екінші орынға көтерілді.

Тағы бір қытайлық Шао Кью да дәл осындай ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар Ақмаржан Қалмұрзаева 13-ші, Аяна Жолдас 23-ші, Маржан Ақжігіт 39-сатыдан көрінді.


Автор Елжан Ералы
Ключевые слова: Спорт,
Наверх