Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа спорт түрі — текболдан Түркі кеңесінің турнирін Мажарстанда өткізу ұсынылды

20 Сентября 2021 22:43

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Мажарстан жаңа спорт түрі — текболдан Түркі кеңесінің бірінші халықаралық турнирін өткізуді ұсынды. Бұл туралы бүгін Ташкентте Түркі кеңесінің Жастар ісі және спорт министрлерінің 5-отырысы барысында Мажарстан Сыртқы істер және сауда министрлігі спорт дипломатиясының бас директоры Истван Иглои-Наги мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Мажарстандық дипломат қатысушыларға осы спорт түрінің өз отанында дамып жатқанын, сондай-ақ текболды басқа елдерде танымал ету керек екенін айтты.

«Басты мақсат – жаңа спорт түрін дамыту және танымал ету, осы спорт түрінен кәсіби және әуесқой спортшыларды дайындау, сондай-ақ, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау. 2021 жылдың наурызында Халықаралық текбол федерациясы, Өзбекстанның Білім Министрлігі және Ұлттық Олимпиада комитеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Түркі кеңесінің басқа елдерінде де текболдың дами бастағанын қалаймын», - деді дипломат.




Мажарстандық спортшылар қатысушыларды текбол спортымен таныстырды.

Текбол – бұл үстел теннисін еске түсіретін жаңа спорт түрі, онда қисайған үстел мен футбол добына ұқсас доп қолданылады, оны қолдан басқа дененің кез-келген бөлігімен ұруға болады.

Текболды 2014 жылы Мажарстанда екі футбол әуесқойы Габор Боршани (бұрынғы кәсіби футболшы) және Виктор Хусар (бағдарламашы) ойлап тапты. Әлемдік деңгейдегі бірқатар футболшы (мысалы, Неймар және Коутиньо ) текболдан жарыстарға қатысып үлгерді, осы спорт түрінің ықтимал олимпиадалық мәртебесі талқылануда.


Ключевые слова: Еуропа, Түркі елдері, Спорт,
Наверх