Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны бес жігітті атып кетті

17 Июня 2021 16:30

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда 22 жасар жігіт өзара жанжал кезінде мылтықпен 5 жігітті атып кетті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталық аудандық ауруханасына 20, 22 және 24 жастағы 5 тұрғыны оқ жарақатымен жеткізілген. Бұл туралы аудандық полиция бөліміне хабарлама түскен.

Жанжал бұзақылық ниеттен туындағаны анықталды, күдікті жоғарыда аталған адамдарға мылтықтан бірнеше рет оқ атқан.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-99-бөлігі 2,1,9 – тармақшалары бойынша (екі және одан да көп адамға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Автор Сая Сембай
Ключевые слова: Оқиға, Қылмыспен күрес, Жамбыл облысы, Аймақ,
Наверх