Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында жыл басынан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

17 Октября 2021 23:05

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Полиция департаментінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңесте Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарлары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Олар өңірдегі криминогендік жағдай туралы баяндады. Қабылданған шаралар қылмыстың 6,9 пайызға төмендеуіне ықпал еткен. Кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, біреудің мүлкін, малын ұрлау деректерінің саны азайған.

Қоғамдық орындардағы жасалған қылмыстар саны 15,7 пайызға, жасөспірімдер қылмысы 27,8 пайызға азайған. Сондай-ақ қылмыстың барлық санаты бойынша істерді ашу деңгейі жақсарған. Есептік кезеңде 549 есірткі қылмысы анықталды. 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Тоғыз айда 879 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Кеңес соңында облыстық ПД бастығы Жанат Сүлейменов құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды және бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.


Наверх