Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегінің трансляциясын қайдан көруге болады

4 Декабря 2021 17:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі, 5 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 31 турнирінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен анголалық Манел Кейп (16-6) айқасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмағұлов - Кейп жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталады. Бұл айқастың тікелей трансляциясын UFC Fight Pass сервисінен көре аласыздар.

Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 31 турнирі қарсаңында Жалғас Жұмағұлов (14-5) қарсыласымен дәстүрлі көзбен атысу рәсімін өткізді. Көзбен атысу барысында Кейп Жұмағұловты арандатуға тырысты: ол дөрекі түрде басымен алға ұмтылды, бірақ қазақстандық бұған тек күлімсіреп қана жауап берді.


Ключевые слова: Бокс, Спорт, Видео,
Наверх