Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зерендіде орманнан 273 түп қарағай қазып алғандар ұсталды

27 Октября 2021 22:23

ЗЕРЕНДІ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында орманнан 273 қарағай қазып алғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полициның кезекші бөліміне белгісіз тұлғалардың жас қарағай қазып жатқандығы туралы хабарлама түскен.

«Айтқан жерге келген полицейлер Семей қаласының 55 жастағы және Нұр-Сұлтан қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Олар «DAF» маркалы жүк көлігіне 273 қарағай тиеген. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 340-ші бабы 1-бөлігі «ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы «келу міндеттемесі» таңдалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарын, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.


Автор Аслан Оспанов
Ключевые слова: Ақмола облысы, Экология, Қылмыспен күрес,
Наверх