Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Волонтерлер Қарқаралы ұлттық паркіндегі жартастарды жазулардан тазартуда

17 Июня 2021 00:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды және Қарқаралы еріктілері «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» экоакциясын қолдады. Олардың күшімен Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан Үш үңгірдегі «Осында Саша болды» секілді жартастағы жазулар жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танымал туристік маршруттар бойындағы жазулар мен суреттерді тазарту бастамасы Kazakh Tourism ұлттық компаниясына тиесілі және оны Jana Dunie қайырымдылық қоры қолдады. Ал Қарқаралы еріктілері қарағандылық белсенділермен бірге Kazakh Tourism компаниясына ресми хат жолдап, жартастағы жазуларды өшіруге қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуді сұрады.




«Қазақстанда этнотуризм белсенді дамуда. Адамдар киелі жерлерге, табиғи туристік бағыттарға қызығушылық танытады. Өкінішке орай, көбінесе табиғатта демалушылар тек қоқысты ғана емес, сонымен қатар жартастарда жазуларды да қалдырады. Жартастар - біздің даламыздың інжу-маржаны және олар ақыл-ойы таяз адамдардың «шығармашылығынан» зардап шегеді. Жазулар пейзажды бұзады және табиғаттың бірегей сұлулығын құртады»,– деп атап өтті волонтер және Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Рахымбек.




Еріктілер жазбаларды арнайы химиялық ерітіндімен тазартты. Кейбір жерлерде олар газ қыздырғыштарын қолдануға мәжбүр болды. Жастар алға қойылған міндетті орындап, енді Үш үңгірдің қабырғалары алғашқы келбетіне ие болды.

Жазуларды жоюдан басқа, акцияға қатысушылар сенбілік те өткізді.

«Жазуларды жою бойынша осындай акциялар өз жалғасын табады. Біз облыс тұрғындары мен Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қонақтарын табиғатты қорғауға шақырғымыз келеді. Сондай-ақ болашақта біз ұлттық паркте табиғатты қорғауға шақыратын тақтайшалар орнатуды жоспарлап отырмыз, себебі біз жерімізді ұрпақтарымызға бастапқы күйінде сақтап, беруге міндеттіміз», – деп толықтырды волонтер Жанарай Санақбай.

















Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Қарағанды облысы, Экология, Волонтер,
Наверх