Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұйғыр ауданында судья сотталушыны түрмеден құтқарам деп 12 млн теңге алған

24 Июля 2021 02:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының судьясы 12 млн теңге алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми Telegram парақшасында атап өткендей, Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменовке үкім шыққан.

Ол орман шаруашылығының директоры Юлдашевті алдап, одан 12 млн теңге алды деп айыпталған болатын.

Сүлейменов ол ақшаны облыстық соттың судьяларына беріп, Юлдашевқа қатысты өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдырамын, сөйтіп оны жазадан құтқарам деп уәде берген.

Алайда облыстық сот ақтау үкімінің күшін жойып, Юлдашевті соттап жіберген.

2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовты 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол бұдан былай мемлекеттік қызметте ешқашан жұмыс істей алмайды.

Осы үкіммен Юлдашев пен екі арада делдал болған Имиров та сәйкесінше 8 және 7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Наверх