Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон азаматтарды ревакцинациядан өтуге шақырды

24 Октября 2021 19:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Үкіметі соңғы тәулікте SARS-COV-2 инфекциясы туралы мәліметтерді жариялады. Елде бір тәулікте 44 985 адам вирус жұқтырған, вирус тасымалдаушылардың жалпы саны 8 734 934-ке жетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Премьер-министр Борис Джонсон азаматтарды дереу вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды. Ол британдықтардың коронавируспен күресте «феноменальды прогреске» қол жеткізгенін атап өтіп, вакцинаның қорғау қабілеті алты айдан кейін әлсіреуі мүмкін екенін еске салды. Ұлыбританияда 50 жастан асқан тұрғындар, медицина қызметкерлері, қарттар үйінің қызметкерлері, созылмалы аурулары бар адамдар covid-19-ға қарсы үдеткіш вакцинация жасауы қажет.

Украинада коронавирус толқыны әлсіремей тұр. Өткен тәулікте инфекцияның 23 229 жаңа расталған жағдайы анықталды және 483 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі.

Нәтижесінде, SARS-CoV-2 тасымалдаушыларының жалпы саны пандемия басталғаннан бері 2 748 614 адамға жетті, ал өлім жағдайларының саны 63 486 болды.

Айта кету керек, елде иммундау төмен қарқынмен жүріп жатыр. Бірінші дозамен вакцинацияланғандардың саны - 8 890 452 немесе 21,5 %, вакцинацияның толық курсын 6 963 577 азамат өтті. Қазіргі уақытта Украинада 43 миллионнан астам адам тұрады.


Ключевые слова: Денсаулық, Медицина, Коронавирус, Әлем,
Наверх