Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түрмедегі төбелес: 6 адам қаза тапты, 16-сы жарақаттанған

23 Июня 2021 09:39

МЕХИКО. ҚазАқпарат – Табаско штатының түрмелерінің бірінде тәртіпсіздіктер салдарынан 16 адам жарақат алды, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат El Financiero газетіне сілтеме жасап.

Сейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де түрмеден зорлық-зомбылық туралы хабарлама кеп түскен. Оқиға орнына мемлекеттік және федералды полиция, бас прокуратура және ұлттық гвардия қызметкерлері келген.

Сот-медициналық қызметке сілтеме жасай отырып, зардап шеккендер санының әлі де көбеюі мүмкін екені хабарланады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тұтқындардың екі тобы жазасын өтеп жатқан мекемені өз бақылауына алу үшін төбелескен.


Ключевые слова: Оқиға, Әлем,
Наверх