Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында Pfizer вакцинасы 24 мыңнан астам адамға салынды

3 Декабря 2021 03:27

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнге дейін 12-17 жас аралығындағы 19 820 жасөспірім, 2287 жүкті және 1 809 бала емізетін әйел екпемен қамтамасыз етілді. Яғни, жалпы саны 24 516 адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрсұлтан Слан айтты.

«Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Вакцина салдырғандардың арасында кері әсер тіркелген жоқ» - деді Н.Слан.
Жиында Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев коронавирусқа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға ниетті азаматтардың саны артып келе жатқанын айтты.
«Екпе жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланған іс-шараларға сәйкес мерзімінде атқарылуда. Сонымен қатар, облыстағы медициналық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық жабдықтардың аса қажетті тізімі бекітіліп, 2 айлық резерв қоры қалыптастырылды. Жедел жәрдем қызметі 122 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, автокөліктер паркі 96%-ға жаңартылды», - деді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев. Соңғы екі аптада өңірде коронавирусқа шалдығу - 148, пневмония - 11 жағдайға төмендеген. Дегенмен, дәрігерлер сақтық шараларын ұстану қажеттігін ұмытпау керектігін ескертеді.

Автор Қайрат Зайнишев
Ключевые слова: Вакцина, Түркістан облысы, Коронавирус,
Наверх