Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда

21 Января 2022 01:57

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде облыста 19 тауар түрінің бағасы тұрақты. Олардың ішінде тұрғындар күнделікті тұтынатын нан, күріш, қарақұмық, сиыр еті, айран, тауық еті, сүзбе, жұмыртқа, сары май, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, қант, тұз, сүт, ұн бар. Аудандар мен қалаларда арнайы мобильді топтар құрылып, әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын қадағалауда.




Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілу фактілері бойынша хабар беру үшін өтініштер де қабылданып жатыр. Яғни, баға өскен жағдайда тұрғындар 8 (72533) 5-97-79 және 8702-465-20-11 телефон нөмірлеріне хабарласып, шағым қалдыра алады.

Түркістан облысында және аудан, қалаларында әлеуметтік маңызды тауарлардың 19 түрінен кемінде 1,5 айға жететін қор жасақталған.

Өңірде аудан, қала әкімдіктері мен тиісті басқармалар мерекелік және демалыс күндері көшпелі сауда жүргізуде.

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы әкімдігі арқылы «Айналым схемасы» шеңберінде тауар өндірушілерге жалпы 640 млн теңге берілді. Осыған байланысты «Magnum Cash&Carry» мен бірнеше сауда орнында тауарлар нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1098 меморандум түзілген.








Наверх