Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында 500 мұғалім санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді

18 Мая 2022 12:50

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді. Қазір сертификаттарды құзырлы органдар тексеру үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында ұстаздардың санатын көтеруге арналған сертификаттардың сатылатындығы жайында әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын. Аталған фактінің орын алғанын облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы растады.

«Өкінішке қарай, сондай фактілер анықталды. Біз барынша ашықтық саясатын ұстанып отырыз. Әлеуметтік желіде болып жатқан мәселелерді жіті қадағалаймыз. Ресми түрде құзыретті органдарға тергеу амалдарын жүргізу үшін сол сертификаттардың барлығын жолдадық. Қазіргі таңда біз құзырлы органдар анық-қанығын айтып береді деп үміттеніп отырмыз. Ондай адамдардың жалған диплом, жалған сертификаттармен білім ошақтарында жұмыс істеуіне моралдық құқығы жоқ деп есептеймін», - деді Дінислам Болатханұлы.


Наверх