Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында 1777 оқушының сабағы онлайн форматқа көшірілді

17 Сентября 2021 19:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 1777 оқушының сабағы онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы облыстық СЭБД баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің мәліметінше, жаңа оқу жылы басталғанан бері 16 қыркүйекке дейін облыста 31 мұғалім, 108 оқушы коронавирус инфекциясына шалдыққан. Науқастанған оқушылардың 26-ы оффлайн форматта сабаққа қатысқандар болса, қалған 74 оқушы індетті жазғы демалыс күндері жұқтырған. Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында науқастармен қарым-қатынаста болған 1777 оқушы, 71 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқулары онлайн форматқа көшірілді. Сондай-ақ, облыста 934 білім беру ұйымы 100% «ASHYQ» бағдарламасын енгізілген. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары жаңа оқу жылы қарсаңында «ZOOM» платформасы арқылы мектеп директорлары мен медицина қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша семинарлар өткізген.

« Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. ҚР БМСД Қаулысына сәйкес, жауапты қызметкерлер барлық педагогтарға, персонал мен білім алушыларға байланыссыз термометрмен, қолды антисептикпен өңдеу жүргізуді, әр қабатта қолжетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылып, дозаторлардағы сабынның, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қажет», делінген департаменттің хабарламасында.


Наверх