Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіз бақылаушылар Қарағанды облысындағы ауыл әкімдерінің сайлауын бақылайтын болады

23 Июля 2021 18:00

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы партиялық емес бақылау орталығының аймақтық филиалы 500-ге жуық тәуелсіз бақылаушы дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 шілде, ауыл әкімдерін сайлау күні олар сайлау учаскелерінде болады және дауыс беру процесін, нәтижелердің жүргізілуін қадағалайды.

«Елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын бақылау үшін өңірлердегі филиалдарымен «Партиялық емес бақылау орталығы« республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Қарағанды облысында 500-ге жуық тәуелсіз бақылаушыны оқыту ұйымдастырылды», – дейді партиялық емес бақылау орталығының облыстық филиалының төрағасы Сұлтан Шәймағанбет.

Ол тәуелсіз бақылаушылар сайлауды әділ және ашық өткізуге өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауы 25 шілдеде 149 елді мекенде өтеді. 75 орынға 268 үміткер үміткер: 81 – саяси партиядан және 187 өзін-өзі ұсынған. Болашақ ауыл басшысына 81 мыңнан астам сайлаушы дауыс бере алады.


Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Әкімдік, Сайлау, Қарағанды облысы,
Наверх