Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ташкентте «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі өтеді

23 Сентября 2021 15:14

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі өтеді. Бұл туралы Өзбекстан кинематография агенттігі баспасөз қызметінен хабарланды.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтың бастамасымен қайта жаңғырған кинофестивалдің ашылу салтанатына 37 елден 400-ге жуық шетелдік кинорежиссер мен 55 танымал кино жұлдыздары қатысады. Өзбекстан кинематография агенттігінің ұйымдастыруымен өтетін осы шараға Әзербайжан, Беларусь, Египет, Израиль, АҚШ, Үндістан, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресей, Тәжікстан мен Түркиядан кино өнерінің танымал өкілдері қатысады.

Халықаралық кинофестиваль шеңберіндегі «Әлемдік кино күндері» кезінде 14 елдің - Әзербайжан, Беларусь, Египет, Израиль, Үндістан, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия мен Өзбекстанның кино күндері өтеді.




Ташкент халықаралық кинофестивалінде қазақстандық киногерлер де өз фильмдерін ұсынады. Фестивальға Қазақстаннан Нұржұман Ықтымбаев, Жаннат Қуанышева, Сатыбалды Текеев, Аружан Жазылбекова, Азамат Сатыбалды, Ділшат Рахматуллин, Самал Еслямова, Алмаз Малдыбаев, Адай Әбілдинов, Айбике Рақымжанова, Диана Тұрсындардың келуі күтілуде.

Фестиваль аясында қазақстандық киногерлер түсірген «Мұзбалақ», «Күлтегін», «Әмре», «Бір сен үшін», «Аманат» фильмдері көрсетіледі. Олардың қатарында Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі бар.

«Әлемдік кино күндерінде» әр елдің өкілдері өз фильмдерін тек ел астанасында ғана емес, Өзбекстанның түрлі қалаларында да ұсынады.




Қазақстанның кинотуындылары - Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жылқы ұрылары» фильмі 1 қазанда Әндіжан облысында, Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмі 2 қазанда Ферғанада көрсетіледі.

Қазақстандық делегация мүшелері фестивальдің соңғы күні қонақтар Ташкентке оралып, «Ренессанс Холл» киноконцерт залында Ташкент Халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатына қатысады.




Айта кету керек, Ташкентте 1968-1997 жылдар аралығында Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің халықаралық кинофестивалі өткізіліп келген.





Автор Тұрсынәлі Ахмедов
Ключевые слова: Өзбекстан, Мәдениет, Өнер,
Наверх