Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тарбағатай ауданында екі қабатты қонақ үй өртенді

18 Сентября 2021 19:38

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында екіқабатты қонақ үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ақсуат ауылында дәмхана мен қонақ үй орналасқан 2 қабатты ғимаратта өрт шыққан. Қызыл жалын шатырдың ағаш құрылымдары мен қонақ үй бөлмелеріндегі жиһазды шарпыды.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Жалын жалпы ауданы 300 шаршы метрді шарпыды. Қазіргі уақытта сол жерде жеке құрамнан 8 адам мен 2 автоцистерна жұмылдырылған. Сонымен қатар Ақжар ауылынан қосымша өрт сөндірушілер келе жатыр. Жергілікті атқарушы орган өкілдері су жеткізуді ұйымдастырды», - делінген ақпаратта.


Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында найзағайдан орманда өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.


Наверх