Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

25 Октября 2021 16:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Қайрат Бұлдыбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұлдыбаев Қайрат Найманбайұлы 1963 жылы 21 қарашада Алматы облысы Гвардия ауданы Көксу ауылында дүниеге келді.

2004 жылы І. Жансүгіров атындағы ЖМУ университетін кәсіптік оқыту бойынша тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған жүк тасымалдау автобасқармасы Көксу көлік кәсіпорнының шебері қызметінен бастаған. Алматы облысында «Автотехобслуживание» ЖШС директоры, Текелі қаласы әкімі аппараты Рудник кенті әкімінің міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінің әкімі, Талдықорған қаласы ШЖҚ «Көркейту» МҚК бастығының міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы «Көркейту» ШЖҚ МҚК бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы, Қаратал ауданың әкімі лауазымдарын атқарған.

Соңғы жұмыс орны - Талдықорған қаласы «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары.


Автор Самал Қабышева
Ключевые слова: Алматы облысы, Тағайындау,
Наверх