Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екендігі анықталды

28 Июля 2021 04:09

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйітті жағаға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгісіз адамның мәйіті Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойына орналасқан көпір маңында табылған.

«Рейдтік шаралар өткізіп жүрген төтенше жағдайлар саласының мамандары өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Кейіннен белгілі болғанындай, оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екендігі анықталды.

Еске салсақ , бұдан бұрын Қызылордада 9 жасар бала белгісіз жағдайда каналға батып кеткені хабарланған болатын.



Наверх