Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Спектакльдер, концерттер, көрмелер: Нұр-Сұлтанда осы аптада өтетін мәдени шаралар

6 Декабря 2021 16:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы аптада елордада түрлі мәдени шаралар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және басқа да мерейтойлық күндерге арналған спектакльдер, көрмелер, концерттер, танымдық дәрістер күтеді.

Мәселен, осы аптадағы бес қойылым М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында көрсетіледі.

8 желтоқсанда сағат 11:00 және 14:00-де, сондай-ақ 10 желтоқсанда сағат 11:00-де театрдың кіші залында М.Бартеневтің «Снегурушка» ертегісін көруге болады. 8 желтоқсан күні кешке Горький театры жұртшылықты Г.Гориннің «Кин IV» трагикомиялық қойылымына шақырады. Сол күннің ертесінде көрермендер М.Макдонахтың «Человек-подушка» қара детективін көре алады. 11 желтоқсан күні сағат 17:00-де театрда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармаларынан музыкалық-поэтикалық композиция қойылады. Демалыс күндері, 11 және 12 желтоқсанда Р.Томның «Восемь любящих женщин» детективтік трагикомедиясы жұртшылық назарына жол тартады.

Бүгін, 6 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Жастар» театры І.Есенберлиннің «Ғашықтар» драмасының премьерасына шақырады.

7 желтоқсан күні сағат 15:00-де Музыкалық жас көрермен театрында көрнекті ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Махаббат-Жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклі көрсетіледі. 9 және 14 желтоқсан күндері сағат 15:00-де дәл осы сахнада «Золушка» музыкалық ертегісі қойылады.

10-12 желтоқсанда елорданың Қуыршақ театры А.Салаеваның «Алдар көсемен таныссың ба?» халық ертегісін қояды.

9 және 10 желтоқсан сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония «ALEM» эстрадалық би ансамблінің 5 жылдығына орай «Inside» би кешін өткізеді. Жұрт назарына отандық және шетелдік композиторлардың музыкасы негізінде заманауи эксперименттік хореография ұсынылады.

11 желтоқсанда «Астана» сахнасында Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Абыз бабам» концерті өтеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» Тоғжан Жахин. Кеште «Мәдениет үздігі» Секен Сыздық, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Алтынбек Әбілда, республикалық байқаулардың лауреаттары Саулежан Тағзия, Нұржан Мейірхан, Жақсыгелді Маясаров, Алуа Қалымбекова, Өзгеріс Шерікбай, Шығыс Махан, Әйгерім Күлшина және «Әлем» эстрадалық би ансамблі өнер көрсетеді.

Осы аптада «Жастар» сарайы әлеуметтік желілерде «Музыкальное ассорти. «Поют Все!» іс-шарасын өткізеді. Онда өткен жылдары караокеден чемпионатқа қатысқандардың шығармашылық нөмірлерін көруге болады. Сондай-ақ, балалар мен ересектер үшін елордада құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша танымдық викторина өткізіледі.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі де бірқатар іс-шара дайындады. Бүгін № 5 балалар кітапханасы оқырмандардың 20 желтоқсанға дейін жалғасатын «Біздің жүрегіміз тәуелсіздік үшін күреседі» атты онлайн сурет байқауын бастады. Мичурин кентіндегі №10 көпшілік кітапханасы 9 желтоқсан күні балаларға сыбайлас жемқорлық туралы түсіндіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жастардың көзқарасы» атты іс-шара ұйымдастырады. 10 желтоқсанда № 3 балалар кітапханасы «Тарих толқынында», ал №8 балалар кітапханасы «Қазақстан – үлкен үй. Біз мұнда үлкен отбасымызбен тұрамыз!» іс-шарасын өткізеді. Дәл осы күні №5 бұқаралық кітапхана оқырмандарды Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 165 жылдығына арналған «Жанқожа батыр» атты ақпарат сағатына шақырады. 12 желтоқсанда № 12 бұқаралық кітапхана «Әлем мойындаған ел – Қазақстан» атты онлайн-тарихи викторина дайындайды.

Бүгін, 6 желтоқсанда саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Текті сөздің төресі – терме» тақырыбында іс-шара өткізеді. Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы суретші Т.Байғалиевтің шығармашылық жолы туралы бейнеролик жариялады.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені өзінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында 8 желтоқсанда Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 215 жыл толуына орай «Күй атасы – Құрманғазы» атты онлайн-дәріс өткізеді, ал 10 желтоқсанда адам құқықтары күнін атап өтеді.

Сәкен Сейфуллин мұражайы seifullin_museum(Instagram), (Facebook) парақшаларында апта бойы ақынның өмірінен танымдық ақпаратты, мұражай қызметінің дамуы туралы зерттеулерді жариялайды, сондай-ақ онлайн режимде «Қазақ тілі – менің тағдырым» дөңгелек үстелін өткізеді.

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция «Киелі карта. Елорданың ескерткіштері мен объектілеріндегі Нұр-Сұлтанның тарихы» және «Еліміздің тәуелсіздік жылдары тұрғызылған Нұр-Сұлтанның ескерткіштері» тақырыптарында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған баяндамалар оқылады.

Барлық іс-шара санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.


Наверх