Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да шектеулер тағы да қатаңдатылды

22 Октября 2021 13:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік комиссияның шешімімен 25 қазаннан бастап карантиндік шаралар тағы да қатаңдатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 25 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізілетінін айтты:

1) Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс уақыты шектеледі. Дүйсенбі-жұма аралығында Ashyq жобасына қатысатын барлық объектілер сағат 22.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 00.00-ге дейін жұмыс істейді;

2) Демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын барлық нысандар сағат 22.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 00.00-ге дейін және қызметкерлер мен келушілерде тек қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) жұмыс істейді;

3) Осы тармақта көрсетілген «жасыл» мәртебенің болуына қойылатын талаптар және жұмыс режимінің шектеулері облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль автостансаларына/автоөтпелерге, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру нысандарына, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

4) Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандарға, оның ішінде «жасыл» мәртебесі барларға:

1. салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге;

2. Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға;

3. Көрмелерді өткізуге;

4. Көрермендермен өткізілетін спорттық іс-шараларды өткізуге;

5. Жабық үй-жайларда көп адаммен Құдайға құлшылық етуге тыйым салынады.

5) Медициналық-әлеуметтік нысандарға (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқаларға) келушілердің кіруіне тыйым салу өзгеріссіз қалады.


Наверх