Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО әкімі «Копай» ауданының қашан сүрілетінін айтты

21 Января 2022 21:05

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы «Копай» ықшамауданындағы ескі жеке үйлер сүріліп, орнына жаңа көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, жұмыстардың қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желі қолданушыларын көптен бері мазалаған сұраққа өз парақшасында жауап берді. Жазба Петропавлдағы «Копай» ықшамуданына қатысты.

«Копай» қашан сүріледі деп әлеуметтік желі қолданушылары маған жиі сауал қояды. Бұл ықшамауданның тұрғындары ескі және тозығы жеткен үйлердің сүрілуін көптен күтіп отыр. Биыл көктемде сүру жұмыстарын бастап, шағын ауданның құрылысын бастаймыз. 9 көп қабатты үй салынады. Ол үшін дайындық жұмыстары мұқият жүргізілді. Ықшам ауданның жобасы егжей-тегжейлі әзірленіп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Осы жұмысқа 1,5 жыл уақыт кетті.

2022 жылы біз тұрғын үй құрылысының қарқынын бәсеңдетпейміз. 5 жалгерлік-коммуналдық және 9 несиелік үйді тапсырамыз. Сондай-ақ несие желісі бойынша тағы 13 үй салынады. 15 коммерциялық көпқабатты үй беріледі. Ивесторлар заманауи тұрғын үй кешендерін сала бастайды», - деп жазды Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының айтуынша, жалпы биыл СҚО-да 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 4 мың пәтер салынады. 14 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлайды. Былтыр 346 мың шаршы метр немесе 3,5 мың пәтер пайдалануға берілді. 12 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жаңа баспанаға ие болды.


Наверх