Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШЫҰ-ның көлік-транзиттік басымдығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін проблемаларды шешу қажет

17 Сентября 2021 14:10

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастық ұйымының көлік-транзиттік басымдығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін проблемаларды шешу қажет. Бұл туралы Душанбеде өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия, Суэц каналындағы наурыздағы оқиға теңіз жүк тасымалының стратегиялық осалдығын көрсетіп берді. Осы оқиғалардың аясында трансқұрлықтық құрлық бағдарлар, ең алдымен Жаңа Жібек жолы өзінің тартымдылығын айтарлықтай күшейте түсті. Бізге көлік-транзиттік басымдығымызды толыққанды жүзеге асыруға кедергі келтіретін бірқатар проблеманы бірлесіп шешуіміз қажет. Ең алдымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі көлік инфрақұрылымының айтарлықтай түрлі деңгейі мен дамуы жайында сөз болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Сондықтан Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше елдердің экономикалық мүддесін толыққанды ескеру негізінде ұйым аясында ұлттық инфрақұрылымдық стратегияны ымыраласу ортақ мүддеге жауап бере алатындығын атап өтті.

«Төтенше жағдай кезінде көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандуға қол қою бұл бағыттағы алға жылжудың байыпты қадамы болмақ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Наверх