Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкенттік полицейлерге 63 қызметтік автокөлік берілді

21 Января 2022 19:10

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының полицейлеріне 63 қызметтік автокөлік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған. Бұл тәртіп сақшыларының жұмысын үйлестіруге және оқиға орнына немесе күзетілетін объектіге келу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов қиын-қыстау кезде қоғамдық қауіпсіздікті және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз еткен тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидатын одан ары іске асыруға бағытталған шара екендігін айтып өтті. Жаңа автокөліктер полицейлердің шақыртуларға шұғыл жетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Бүгінде елімізде полицияның жұмысына барынша қолдау көрсетіліп, оңтайлы жағдай жасалуда. Бұл тұрғыда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына үлкен алғысымды білдіремін», - деді Ералы Жұмаханбетов.

Еске сала кетейік, қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан Шымкент қаласы Полиция департаментінің бірқатар қызметтік автокөлігі зақымданып, істен шыққан болатын.


Наверх