Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 4 есеге азайды

6 Августа 2021 00:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл коронавирустан көз жұмғандар саны өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір бойынша жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 4 есеге азайған. Бұл жайлы ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков мәлім етті.

«Коронавирус пандемиясы басталғалы бері облыста 34 729 науқас тіркелген. Қауіпті дерттен көз жұмғандар саны былтыр 300 адамды құрады. Ал биыл қайғылы жағдайлар азайған. Нақты айтқанда, жыл басынан бері вирустан 72 адам қайтыс болды», - деді ол.

Ермек Омарбековтың айтуынша, қазір өңірде коронавирустың «дельта» штаммы таралып жатыр. Ол бұрынғы штаммдарға қарағанда қауіптірек.


Наверх