Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шотландияда жарылыс салдарынан екі тұрғын үй қирады

19 Октября 2021 08:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні кешке Шотландияның оңтүстік-батысындағы Эр қаласында болған жарылыс салдарынан екі тұрғын үй қирады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Express газетінің сайтына сілтеме жасап.

Басылым сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, тұрмыстық газ жарылған болуы мүмкін, ал Twitter-де қала тұрғындары жарылыс толқыны жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде сезілгенін айтады.

«Біз 18 қазан, дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойыша сағат 19:10-да Эр қаласының Горс-парк көшесіндегі үйде болған жарылыс туралы хабардан кейін оқиға орнына жеттік. Шұғыл қызметтер де оқиға орнына барды. Әзірге бұл аймақтан аулақ болуды ұсынамыз», - делінген Эршир облысының полициясы таратқан хабарламада.

Қалалық өрт сөндіру қызметі жарылыс болған жерде шыққан өртті сөндіріп жатқанын хабарлады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарламалар келіп түсуде.


Ключевые слова: Әлем, Медицина,
Наверх