Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жыл басынан бері 492 гектар орман өртенген

28 Июля 2021 14:57

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 492 гектар орман жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 153 табиғи өрт болып, 492,07 гектар орман алқабы жанып кетті. Сондай-ақ 3869 гектар алаңда 140 шөп жануы тіркелген.

«Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыста 69 бірлескен мобильді топ құрылды. Оның құрамында 384 адам бар. Осы уақытқа дейін 872 рейд жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 259 адам анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мамандардың айтуынша, орман өрттері көбінесе ашық далада басталады. Содан кейін қызыл жалын желмен орманға дейін жетеді. Өрттің 75%-ы найзағайдың салдарынан шыққан.


Наверх