Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да шетелдік 10 азамат елден шығарылды

7 Декабря 2021 21:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шетелдік 10 азамат елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 желтоқсанда өңір аумағында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы басталған. Бір күн ішінде 140-тан астам шетелдік азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ құзырлы органдарға шетелдіктердің келуі туралы уақытылы хабарламаған облыстың 58 тұрғынына айыппұл салынды.

«Сот шешімімен 10-нан астам шетелдік ҚР аумағынан шығарылды. Бұдан бөлек, өзге елден жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін он лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмысшыларда тіркеу және еңбек қызметімен айналысуға арнайы рұқсаттың болмауы жиі кездесетін мәселе», - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекбаев.

Оның айтуынша, осындай кезде заңға сәйкес шетелдік азаматтардың төлқұжаттары сотқа ұсынылады. Сот үкімі бойынша жұмысшыларды көші-қон полициясының мамандары елден шығарады.



Автор Талғатжан Мұхаметбекұлы
Ключевые слова: Қоғам, Шығыс Қазақстан облысы,
Наверх