Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да инфекциялық стационарлар 21 пайызға толы

5 Августа 2021 20:53

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері коронавирустың жаңа толқынына дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта өңір бойынша вирус жұқтырғандар саны күрт артты. Десе де, облыстың медициналық мекемелері науқастарды қабылдауға толықтай дайын. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірде инфекциялық стационарларда төрт мыңнан астам төсек-орын бар. Онда қазір 900-ге жуық адам емделіп жатыр. Сондай-ақ 350-ден астам реанимациялық төсек-орын қамтылған. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 76 науқас ем алуда. Жалпы, облыстың төсек қоры 21 пайызға толған.

«Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен күн сайын өңірлік штаб отырысы өтіп, онда облыстағы эпидемиологиялық жағдай талқыланады. Ауруханалар қажетті жабдықтармен толық жабдықталған. Бізде рентген, өкпені жасанды желдету, оттегі концентраторлары және компьютерлік томографтар бар. Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының қоры да жеткілікті», – деді Ермек Омарбеков.



Наверх