Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да биыл алимент төлеуден жалтарған 300-ден астам адам анықталды

23 Октября 2021 20:17

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемей жүрген 300-ден астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласындағы Көші-қон қызметінің өкілдері алимент төлемегені үшін үш жыл бойы іздеуде жүрген адамды тапты.

«33 жастағы борышкер Нұр-Сұлтан қаласынан табылды. Осы уақыт бойы ол заң өкілдерінен жасырынып жүрген. 5 жылдан астам уақыт кәмелетке толмаған баласына алимент төлемеген ер адамның қарызы 3 миллион теңгеге жетті. Енді ақшаны өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», - деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Жалпы жыл басынан бері өңір бойынша алимент төлеуден жалтарып жүрген 300-ден астам адам анықталды.


Наверх