Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да азық-түлік бағасын өсірген кәсіпкерлер жазаланбақ

24 Мая 2022 15:17

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсірген кәсіпкерлер жазаланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде азық-түлік бағасының қымбаттамауы үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Тұрақтандыру қоры павильондарына тауарлар көптеп жеткізіліп, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында мәлім болды.

«Бүгінгі таңда елдің оңтүстік облыстарынан қырыққабат жеткізуге келісім-шарттар жасалды. 200 тоннаның 75-і «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның сауда павильондарына жеткізілген. Ал қант қоры 10 күн сайын толықтырылып отырады. Ұн жеткізу бойынша да келісімдер бар. Алдағы уақытта үй маңындағы дүкендерді тексеруді жалғастыру қажет», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Өз сөзінде ол әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсірген, сөрелердегі азық-түліктің бағасын жазып көрсетпеген кәсіпкерлер жазаға тартылатындығын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Семейде осы жылы 62 көшенің жолы жөнделетіндігін хабарлаған едік.


Наверх