Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да айыппұлын төлемеген 137 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды

16 Июня 2021 22:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері айыппұл төлемеген 137 жүргізушінің көлігін арнайы тұраққа қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Борышкер» жедел алдын алу шарасының мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды өндіру.

Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 17 млн теңгеден астам сомасында 1460 айыппұлды өндірген.

Сондай-ақ 15 млн теңге мөлшеріндегі 1171 айыппұл мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жіберілді.

Полиция қызметкерлері мамандандырылған тұраққа 137 автокөлікті жеткізген.

«Мәселен, Риддер қаласының 39 жастағы тұрғыны тізгіндеп келе жатқан Toyota маркалы көлік тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушінің төлемеген 254 006 теңге сомасындағы 22 айыппұлы бар екендігі анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы, яғни белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды», - деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.


Наверх