Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 103 жоба жүзеге асырылмақ

28 Мая 2022 04:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 103 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жобалардың іске асырылуы жайлы қала және аудан әкімдерімен жиналыс өткізді. Жалпы аталған бағдарлама шеңберінде 103 жоба жүзеге асырылмақ.

«Бүгінде 45 жоба бойынша келісімшарттар жасалды. Ал 58 жобаға қатысты конкурстық рәсімдер аяқталуға таяу. 10 маусымға дейін барлық әкім келісім-шарт жасасу мерзімінің неге ұзаққа созылып кеткені туралы толық ақпарат беруі тиіс. Сондай-ақ олар денсаулық сақтау, білім салалары бойынша қолға алынған жобаларды іске асыруға дайын болуы қажет», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, спорттық және әлеуметтік нысандарды тапсыру мерзімін ұзаққа созатын құрылыс компанияларымен тиісті жұмыстар жүргізілу керек.

«Әкімдер құрылыстың неге уақтылы аяқталмағанын анықтауы қажет. Егер объективті себептер болмаса, онда кәсіпкермен шартты бұзып, жобаларды аяқтау үшін жұмысына адал мердігерлерді іздеген жөн», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елдегі кәсіпкерлердің арыз-шағымы бойынша Шығыс Қазақстан көш басында тұрғанын хабарлаған едік.



Наверх