Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 59 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды

25 Октября 2021 10:18

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында 59 жастағы ер адамды өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айының басында «102» жедел арнасына белгісіз әйел хабарласты.

Өз сөзінде ол Жаңа Шүлбі ауылы көшелерінің біріндегі үйден зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылғанын жеткізген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу барасында ер адам өз кінәсін мойындады», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.




Анықталғандай, қаскөй ішімдік ішу барысында 59 жастағы жәбірленушімен жанжалдасып, күрекпен және қайшымен соққыға жыққан.

Қазіргі уақытта (ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Автор Талғатжан Мұхаметбекұлы
Ключевые слова: Шығыс Қазақстан облысы, Заң, Оқиға,
Наверх