Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

20 Сентября 2021 17:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді. Бұл жайлы онлайн форматта өткен брифинг барысында ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ботагөз Райымбекова мәлімдеді.

«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мекемелер бес жылда бір рет аттестаттауға жатады. Біз мектепке дейінгі оқыту ұйымдарын, орта мектептерді, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін аттестаттаудан өткіземіз. Ал жоғары оқу орындарды ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті аттестаттайды», - деді ол.

Ботагөз Райымбекованың айтуынша, осы жылдың екінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстандағы 10 білім беру мекемесі, оның ішінде төрт балабақша, бес мектеп және бір колледж мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтуі тиіс. Аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарына тиісті қорытынды беріледі.


Наверх