Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шәуілдір ауылында орталықтандырылған жылу қазандығы іске қосылды

30 Ноября 2021 14:41

ОТЫРАР.ҚазАқпарат - Түркістан облысы Отырар ауданында «Тұңғыш Президент күніне» орай бірқатар жаңа нысандар ашылды. Аудан орталығы Шәуілдір ауылында жылу қазандығы жаңадан іске қосылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысы өткен жылы басталған қазандыққа бюджеттен 240 млн теңге жұмсалып, тағы 680 млн теңгеге жылу құбырлары тартылған. Осы нысан арқылы енді ауылдағы 24 көпқабатты үй мен 71 әлеуметтік және коммерциялық нысанға тұрақты түрде жылу берілуде. Ал, бұған дейінгі қазандық тек жерасты жылы суымен жұмыс істеп келген болатын. Оның жылуы тұрғын үйлер мен ғимараттарға жеткенше суып қалып, жергілікті халық қысы бойы бүрсең қағып шығатынбыз дейді.




«Ол жылысу келгенімен ауаны да жылытпайды. Ток пеш қосып, отырдық. Тек бір бөлмені ғана жылытып, мына жақтың бәрін жауып тастайтынбыз. Қазір мың да бір рахмет, әйтеуір жақсы жылу келіп жатыр. Қазір үйіміз бірқалыпты жылы, жақсы жағдайымыз өте жақсы»,-дейді жергілікті тұрғын Оразкүл Ахметова.




Аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі мамандары болса, бұрынғы қазандық 1968 жылы іске қосылғанын айтады. Соның салдарынан қыстыгүні судың қысымы төмендеп, жылу жетпей келген. Бұл күні Шәуілдір ауылының орталығында тағы жаңа спорт және ойын алаңшасы ашылды. Бұл нысан ауылды абаттандыру және көріктендіру бағдарламасы аясында салынып отыр. Мұнда жеткіншектердің спортпен шұғылданып, ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізуіне жасалған. Бұған дейін Шәуілдірде осы сынды үш алаңша ел игілігіне берілген болатын.




«Қазір мына жерде інілерімізді де ойнатып, өзіміз спортпен шұғылдана береміз. Бұл жер менің үйіме жақын және ыңғайлы маған. Енді бұл алаңшаға жиі келіп тұрамын. Себебі маған бұл жер қатты ұнады»,- дейді Жомарт Бейсенбай есімді оқушы.

















Автор Айнұр Ақбаева
Ключевые слова: Энергетика, Түркістан облысы, Оқиға,
Наверх