Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр – Қасым-Жомарт Тоқаев

24 Сентября 2021 20:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасы мәселесін көтеріп, өндіруші мен тұтыншу арасындағы делдалдарды азайтуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңесте бұл мәселе бойынша Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Президент елде өндіріс бар болғанымен, оны ұйымдастыру, алынған өнімді сақтау және өткізу жүйесі дұрыс жолға қойылмағанын атады. Оның дәлелеі ретінде биыл азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден алшақтап кеткенін атады.

«Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және олардың стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуға тиіс», - деген Мемлекет басшысы бағаны реттеу шаралары ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдарға кесірін тигізбеуі керектігін ескертті.

«Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде. Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – «егіс басынан сөреге» дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою. Халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Наверх