Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сеулде коронавирус жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

2 Декабря 2021 09:17

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Сеулде COVID-19 жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші рекордтық деңгейге 2268-ге жетті, екінші күн қатарынан олардың саны 2000-нан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Ауруды бақылау жөніндегі орталық басқарма мәліметінше, сәрсенбі күні тіркелген жағдайлардың 2262-сі – «жергілікті», болса, алтауы – «сырттан әкелінген».

Жаңа максимум сейсенбі күні тіркелген максимум (2222) көрсеткіштен 46-ға, бір апта бұрынғыдан (1760) 508-ге көп. Сеулде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының күн сайынғы саны 1000-нан алғаш рет 24 қыркүйекте асқан болатын, ол кезде 1221 пациенттен ковид анықталды. Одан кейін біраз уақыт көрсеткші төмендеген де еді. 2 қарашада олардың саны тағы да 1004-ке дейін көтерілді.

Содан бері ел астанасында тәуліктік рекордтар алты рет өсті: 16 қарашада 1436 адам, 23 қарашада 1734, 24 қарашада 1760, 26 қарашада 1888, сейсенбі күні 2222 және сәрсенбі күні 2268 болды.

Қалада ауруға шалдығушылардың жалпы саны 158 774-ке артты. COVID-19-дан болған өлім жағдайларының жалпы саны сәрсенбі күні түнгі жағдай бойынша 23-тен 1136-ға дейін көбейді.


Ключевые слова: Оңтүстік Корея, Медицина, Әлемдегі коронавирус,
Наверх