Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенаторлар астанада өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты

18 Сентября 2021 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар Шабал Бейсекова көшесінің бойына қарағаш пен шегіршін, емен мен қарағай және терек көшеттерін отырғызды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасы әзірленетін болды және ағаш отырғызу жөнінде белсенді жұмыс жүргізу көзделіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман қорына 2 миллиардтан астам ағаш және еліміздегі елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы бастамасы қоғам қолдауына ие болды.

Сенаторлар экологиялық проблемаларды шешу және көгалдандыру жұмыстарын заң шығару қызметі аясында ғана емес, сондай-ақ экологиялық шараларға қатыса отырып қолдауы тиіс екенін атап өтті.


Ключевые слова: Сенат, Экология, Нұр-Сұлтан,
Наверх