Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты

27 Ноября 2021 22:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері болып Александр Макрицкий тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маманмен келісімшарт ағымдағы маусымның соңына дейін жасалды.

Александр Макрицкий бапкерлік мансабын 2012 жылы «Динамо-Шинник» командасында бас бапкердің ассистенті болып бастады. 2014 жылы Нижнегородтың «Торпедосында» бапкердің ассистенті ретінде қызметіне кірісті. Одан кейін Новосібірдің «Сибирінде» тәжірибе жинақтады.

50 жастағы маманның соңғы жұмыс орны Беларусьтің «Юность» клубы болды. Ол клубтан 2021 жылдың қаңтарында кетті.


Перевод Мира Төлендіқызы
Ключевые слова: Спорт, Қоғам, Хоккей, Тағайындау,
Наверх