Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарға ауылының тұрғыны: Халық өзі сайлаған ауыл әкіміне талап қоя алады

25 Июля 2021 13:19

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы Сарға ауылының тұрғыны, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтан Жаңбыров алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының айтуынша, халық өзі сайлаған ауыл әкімінен үміт күтеді. Себебі, кез-келген тұрғын күнделікті өмірде өзі дауыс берген әкімінен тікелей сұрағына жауап алады.

«Бүгінгі күн біздің еліміз үшін ең мерекелі күн. Себебі, елімізде тұңғыш рет ауылдық жерлерде әкімді халықтың өзі сайлап жатыр. Мұндай таңдау ешқашан болмаған. Бұрын әкімді жоғарғы билік белгіліп, мәслихат тағайындайтын. Ал, енді биылдан бастап халық әкімдерін өздері таңдай алады. Тұрғындардың өздері сайлаған әкімдерінен күтетін үміті көп. Ал, халық сайлаған әкімге тұрғындар өздері қолдау көрсетеді», -деді ол.


Автор Қаракөз Марат
Ключевые слова: Маңғыстау облысы, Әкім, Әкім сайлауы, Сайлау 2019,
Наверх