Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сабақ кезінде шіркейді улау жүргізілген: Ақтөбеде мектеп директоры жазаланды

15 Октября 2021 17:59

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде сабақ кезінде ұсақ шыбындарға қарсы улау жүргізуге рұқсат берген мектеп директорына қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№9 мектеп-гимназияның директоры қалалық білім бөліміне дезинфекция жүргізілетіні туралы хабарламады. Оқу процесі кезінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізгені үшін мектеп директорына қатаң сөгіс берілді. Облыстық Білім басқармасының басшысы мектеп әкімшілігімен жиналыс өткізіп жатыр. Қосымша ақпарат беріледі», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Метгүл Қосымбаева.



Еске салайық, мектеп басшылығы мен дезинфекция жұмыстарын жүргізетін мекеме арасында келісімшарт жасалып, шіркейлерді улау кеше, 14 қазанда сабақ кезінде жүргізілген.

Ақтөбе облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат етілмейді. Сол себепті қазір тексеру жүріп жатыр.

Ал «Дезинсекция қызметі» медициналық мекемесі улау кезінде шіркейге, ұсақ жәндікке арналған «К-Отрин СК 50» инсектицид препаратын қолданғанын айтты. Олар нысандар ішін тарақандар мен шыбын-шіркейге қарсы улауда қолданылады.

«Улауда ыстық тұман әдісі қолданылды. Бұл препарат 12.1.007-76 Мемлекеттік стандарты бойынша ағзаға қауіпсіздігі төмен 4-санатқа жатады», - деп жазылған «Қызмет көрсету» медициналық мекемесінің хабарламасында.


Автор Алтынай Сағындықова
Ключевые слова: Қоғам, Мектеп, Оқиға, Ақтөбе облысы, Аймақ, Видео,
Наверх