Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейдің Хакасия републикасында қылмыскер бір отбасының бес адамын пышақтап өлтірді

5 Августа 2021 14:48

АБАКАН. ҚазАқпарат-ТАСС – Ресейдің Хакасия републикасындағы Ширин ауданында қарасты Жирим ауылында бір отбасының бес адамын қылмыскер пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Хакасия Республикасындағы Ширин ауданының Жирим ауылында бір отбасындағы бес адамның өлтірілгені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнында, жер үй аумағында әйелдің, оның күйеуінің, ұлы, кішкентай немере қызы және күйеуінің ағасының денесі табылды. Барлығына жарақат салынған.

РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (екі не одан да көп адамды және кішкентай баланы өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысты жасады деген күдікке ілінген Ширин ауданының бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 1985 жылғы тұрғыны ұсталды», - деп хабарлады тергеу комитетінен.

Қазіргі кезде қылмыс болған жерде тергеушілері, криминалистер, жедел қызметкерлер және сарапшылардан құралған тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

Олар қанқұйлы қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шарасын жүргізеді.


Ключевые слова: Ресей, Қылмыспен күрес,
Наверх