Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Референдум барысын қадағалауға 39 халықаралық байқаушы аккредиттелді

20 Мая 2022 17:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық референдум комиссиясы алғашқы халықаралық байқаушыларды аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Орталық референдум комиссиясы «5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 байқаушы ұсынылды.

Оның ішінде: 6 байқаушы ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында; 5 байқаушы – Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылар миссиясынан; 17 байқаушы – ТМД ПАА-дан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен 11 байқаушы аккредиттелді.

Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады.

Халықаралық байқау институтын Орталық референдум комиссиясы 6 мамырда ашты.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады.



Наверх