Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент БҰҰ саммитінде Қазақстанның құрғақ климаттың әсерімен бетпе-бет келіп отырғанын айтты

24 Сентября 2021 08:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитте сөйлеген сөзінде Қазақстанның құрғақ климаттың әсерімен бетпе-бет келіп отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атал,ан жиында Мемлекет басшысы Қазақстанның егін шаруашылығы қауіп-қатері бар аймақта орналасқанын және құрғақ климаттың әсерімен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Еліміздің су шаруашылығы 40 пайыз көрші елдерден ағып келетін суға тәуелді.

«Жер-су ресурстарын барынша тиімді пайдалану мақсатында жердің құнарын арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және су өткізу жүйелерін цифрландыру жөнінде шаралар қабылдадық. Орнықты азық-түлік жүйелері туралы айтқан кезде көптеген елде су дипломатиясына қатысты мәселелер өзекті екені анық байқалады. Азық-түлік жүйелері жөніндегі проблемалар мен су ресурстарын басқару, шекарааралық өзендерді пайдалану мәселелері өзара тығыз байланысты. Мұның барлығы азық-түлік жүйелері туралы келісімдерде көрініс табуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Наверх