Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пермьдегі атыс кезінде зардап шеккендердің арасында қазақстандық студенттер жоқ

21 Сентября 2021 16:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетіндегі атыс кезінде зардап шеккен және қаза тапқан қазақстандық студенттер жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық окургі бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны шамамен 5 мың адам. Ал Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Университетте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандық студенттер жоқ», - деп атап өтеді ведомстводан.

Кеше Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 8 адам қаза тапты.



Автор Марлан Жиембай
Ключевые слова: ҚР СІМ, Оқиға, Ресей,
Наверх